Консультациялық пункт қазан айы
«Күзгі ғажайыптар әлемі» ашық есік күні
Консультациялық пункт қыркүйек айы
01.09.2026
ХАБАРЛАМА!
03.07.2026
2026–2027 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ ХАТ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін балабақша педагогтерімен 2026–2027 оқу жылына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі қызметтің басым бағыттары бойынша әдістемелік нұсқаулық хат таныстырылып, талқылау жұмыстары жүргізілді. Жаңа оқу жылындағы негізгі басымдықтар:
🔹 балаларда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
🔹 академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру;
🔹 балалардың ауызша сөйлеуінің барлық компоненттерін жүйелі дамыту;
🔹 мектепке сапалы дайындауды қамтамасыз ету;
🔹 тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына баулу;
🔹 педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру;
🔹 «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру;
🔹 балалардың құқықтық сауаттылығының негіздерін қалыптастыру;
🔹 мектепке дейінгі ұйымдарда буллингтің алдын алу;
🔹 балаларды ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу. Әдістемелік нұсқаулық хат – педагогтердің жаңа оқу жылындағы жұмысын жүйелі ұйымдастыруға, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына бағыт беретін маңызды құжат. Басты мақсатымыз – қауіпсіз, білімді, дені сау, шығармашыл және әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеу!



04.05.2026
«Денсаулық кепілі — қимыл» қозғалыс ойындары және жеңіл жаттығулар.
Мақсаты: Қимыл белсенділігін арттыру, үй жағдайында жаттығу түрлерін үйрету. Тәрбиеші Кишкенебаева Р

«Қысқы қызықты ойындар»тақырыбында «Балабақшадағы бір күнім » атты Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Тәрбиеші С.Таубасова «Балабақшадағы бір күнім» — Ашық есік күні «Қысқы қызықтар ойындар» тақырыбында оқу іс-әрекеті өтілді.
Мақсаты: Ата-аналарды бөбекжай өмірімен таныстыру,балалардың күнделікті іс — әрекетіне тарту.
Қантар 2026
«Қысқы қызықтар» тақырыбында тәрбиеші Қаражан Ләззат тәрбиеленушілермен мерекелік ойын-сауық өткізді.
23.12.2025
«Шапағат» бөбекжай-бақшасы» МКҚК әдіскері Г.Аманова «Бала жадын дамытудың қызықты тәсілдері» тақырыбында ата- аналарды білім беру процесіне тарту, балалардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында шығармашылық шеберхана ұйымдастырды.
10.11.2025
«Мен кіммін» ойындар
08.10.2025
16.05.2025
Балабақша педагог-психологы М.Абдуалиева «Мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік-эмоционалды дамуы» тақырыбында ата-аналарға эмпатияны , өзін-өзі реттеуді және қарым-қатынас дағдыларын дамыту әдістері туралы кеңес берілді.
01.04.2025
«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын ерте диагностикалау және түзету»балабақша психологы М. Абдуалиева ата-аналарға кеңес берілді
13.02.2025
«Жүрек жылуы»тақырыбында тренинг өтілді.
Балабақша психологы ата-аналарға балалармен қарым-қатынастың тиімді әдістері бойынша «Жүрек жылуы» тақырыбында тренинг өтілді.
24.01.2025



08.01.2025
«Тұмаудың алдын алу жолдары» — тақырыпта Мейірбике: Жаксылыкова Алия кеңес берді.
Педагог-психолог: Абдуалиева Мадина ата-аналарға кеңес беріліп, балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелей отырып, яғни адамгершілік қасиеттері де қалыптастыру туралы ұлттық ойындар, ертегілер айтылды.
08-01-2025
Ақпараттық кездесулер өткізілді.




28.10.2024
Консультациялық пункт жұмысының перспективалық жоспары 2024-2025 оқу жылы
Консультациялық пункт жұмысының жоспары бойынша атқарылған ақпараттық кездесулер ата-аналармен жүргізілді. Балабақша психологы мен медбикенің қатысуымен ата-аналарға медициналық кеңестер берілді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламаның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.




17.09.2024
Ата-аналарға арналған консультациялық пункттер 2024-2025 оқу жылы

17.09 күнге Ашық есік күндер ұйымдастырылды, ата-аналармен балабақша қызметімен танысып, педагогтерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алды.















