29.05.2026
«Кішкентай тәртіп сақшылары» (күшті, ептілікті, өзара көмек пен тәртіпті насихаттайтын эстафеталар мен командалық ойындар)


29.05.2026
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында балабақшада ата-аналармен семинар өткізілді. Семинар барысында балабақша психологы қазіргі заманғы цифрлық ортадағы қауіп-қатерлер, балалардың интернеттегі қауіпсіздігі, гаджеттердің бала психологиясына әсері және ата-аналық бақылаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар:
✔️ балалардың экран алдында ұзақ отыруының зияны;
✔️ кибербуллингтің алдын алу;
✔️ қауіпсіз интернет ережелері;
✔️ гаджет қолдану мәдениеті;
✔️ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас тақырыптары қамтылды.


07.04.2026
📍 Желідегі әр сөз үшін жауап беретініңізді білесіз бе?
Көбінесе әлеуметтік желідегі пікірлер немесе мессенджерлердегі аудиожазбалар жай ғана «эмоция» болып көрінуі мүмкін. Бірақ заң алдында бұл — нақты қылмыс.
📜 ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша: Әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе діни алауыздықты қоздыруға бағытталған кез келген әрекет (сөз, жазба, сурет тарату) 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
✅ Не істеу керек?
- Ақпаратты бөліспес бұрын оның рас-өтірігін тексеріңіз.
- Ұлттық намысқа тиетін пікірлер жазбаңыз.
- Арандатушылардың арбауына ермеңіз.
Жамбыл облысы — біздің ортақ үйіміз. Бірлікті сақтау — әр азаматтың парызы.
#ЖамбылОблысы #ЗаңЖәнеТәртіп #Бірлік #АлауыздыққаЖолЖоқ

📍 Знаете ли вы, что несёте ответственность за каждое слово в сети?
Часто комментарии в социальных сетях или аудиосообщения в мессенджерах могут казаться просто «эмоцией». Однако перед законом это — конкретное правонарушение.
📜 Согласно статье 174 Уголовного кодекса Республики Казахстан: любые действия, направленные на разжигание социальной, национальной, родовой или религиозной розни (высказывания, публикации, распространение изображений), наказываются лишением свободы на срок от 2 до 7 лет.
✅ Что нужно делать?
- Прежде чем делиться информацией, проверяйте её достоверность.
- Не публикуйте высказывания, оскорбляющие национальные чувства.
- Не поддавайтесь на провокации.
Жамбылская область — наш общий дом. Сохранение единства — долг каждого гражданина.
#ЖамбылскаяОбласть #ЗаконИПорядок #Единство #НетРозни
🛑 ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТПАҢЫЗ!
Соңғы кездері мессенджерлерде түрлі қауесеттер мен арандатушылық сипатындағы хабарламалар жиілеп кетті. Есіңізде болсын, жалған ақпарат тарату — қоғамдық тәртіпті бұзады және заңмен жазаланады.
⚖️ ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы: Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ірі көлемде айыппұлдан бастап, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
📌 Егер сіз күмәнді ақпарат алсаңыз:
- Оны чаттарға таратпаңыз.
- Ресми мемлекеттік органдардың мәліметіне ғана сеніңіз.
- Арандатушылық әрекеттерді көрсеңіз, бірден «102» нөміріне хабарлаңыз.
Біздің күшіміз — татулықта!
#StopFake #АнтиФейк #ЖамбылБерекесі #ҚұқықтықМәдениет

🛑 НЕ РАСПРОСТРАНЯЙТЕ ЛОЖНУЮ ИНФОРМАЦИЮ!
В последнее время в мессенджерах участились различные слухи и провокационные сообщения. Помните, распространение ложной информации нарушает общественный порядок и влечёт за собой ответственность по закону.
⚖️ Статья 274 Уголовного кодекса Республики Казахстан: за распространение заведомо ложной информации предусмотрено наказание — от крупного штрафа до лишения свободы на срок от 3 до 7 лет.
📌 Если вы получили сомнительную информацию:
• не распространяйте её в чатах;
• доверяйте только официальным источникам государственных органов;
• при выявлении провокационных действий незамедлительно сообщите по номеру «102».
Наша сила — в единстве!
#StopFake #АнтиФейк #ЖамбылБерекесі #ПравоваяКультура
«Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным»
«Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным»
Мақсаты: Педагогтардың кәсіби қызметінде әділдік пен адалдық қағидаларын басшылыққа алуға бағыттау, ұжымда сенімге негізделген психологиялық ахуал қалыптастыру және тұлғалық жауапкершілікті арттыру.
Міндеттері:
Әділдік пен адалдық ұғымдарының маңызын түсіндіру;
Педагогтардың өзін-өзі бағалау, рефлексия жасау дағдыларын дамыту;
Ұжымда ашықтық пен сенімді қарым-қатынас орнату;
Кәсіби этика нормаларын нығайту.
Педагог-психолог: Абдуалиева М
«Адалдық дүкені»
Мақсаты: Балалардың бойына адалдық, шыншылдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сенімге негізделген орта құру арқылы өз-өзіне есеп беруге үйрету.
Парасаттылық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.
Қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
16.02.2026
Заң және тәртіп – қоғам негізі
Бүгін «Шапағат» бөбекжай-бақшасында» ата-аналар арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында ішкі істер маманы және Ақсай ауылдық округінің инспекторы Жұмағұлов Ілияс ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Әр азаматтың заңды құрметтеп, тәртіпке бағынуы – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның кепілі екені айтылды. өз ойларын ортаға салып, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіп сақтау – ортақ жауапкершілік.
Бәріміз бірлесе отырып, әділетті әрі тәртіпті қоғам құруға атсалысайық!


